Маусым айының 5-ші жұлдызында шығармашылықпен жұмыс істейтін жоғарғы көрсеткіші балабақшаларды анықтау, озат тәжірибесін насихаттау және тарату барысында «Ай-Жұлдыз» балабақшасында «Үздік балабақша-2019» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 6 балабақша қатысып, мектепке дейінгі ұйымның педагог кадрлармен қамтамасыз етілуін, іс-тәжірибелерінің таратылуын, педагогтардың жетістіктерін, материалдық-техникалық базасының жабдықталуын сазды, көркем музыкалық шығармашылық тәсілмен өзін-өзі таныстырып өтті.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді жүзеге асырудағы жұмыс үлгілерін, инновациялық технологияларды оқу қызметінде қолдану үлгілерін балабақша әдіскерлері слайд арқылы қорғады.
Байқау кезеңдерін әділ қазы алқасы әділ бағалап, бағалау критерийлері бойынша жеңімпаздар анықталды, марапаттау рәсімі орындалды.