Адам капиталын дамыту мақсатында- 1 маусымнан бастап, “Цифрлық Қазақтан” мемлекеттік бағдарламасының бағыты-Қазақстанның барлық өңірлерінде халық санының сауаттылғын оқыту курстары жүргізілуде. Ақсу ауданы Жансугір ауылында цифрлық сауаттылықты арттыру курсы 2019 жылдың 17 маусымынан басталды. Маусым, Шілде айларында Ақсу ауданының білім беру мекемелерінің кіші қызметкелеріне “Цифрлық сауаттылық” бағдарламасы бойынша оқытылды.
Оқыту келесі бағыттар бойынша өткізілді:
“Негізгі сандық дағдылар” олар дербес компюьтер мен нодбукті сенімді пайдалану, мобильді құрылғылар, интернет желісі, қауіпсіздік және деректерді қорғау тақырыбын қамтиды.
“Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер”. Тақырып үйден шықпай-ақ, қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды қамтитын электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын қамтиды.
Цифрлық сауаттылық курсын жүргізген “Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепкедейінгі шағын орталығымен”КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Хунафия Нургайм.