01.08. күні Н.Есеболатов атындағы орта мектебінде «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізілді, мақсаты: Оқушылардың алтын ұя мектебіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал ету, ұстаздарға құрмет, үлкенге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Білімділікке, адамгершілікке, достық қарым- қатынасқа шақыру
Салтанатты шараға қатысқандар:
1.Жерлесіміз Алматы облысы, Ақсу және Талғар аудандарының «Құрметті азаматы» Талғар ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы, Алматы облысы ұлттық баскетбол федерациясының президенті – Байболов Қалимолда Байболұлы
2. Ақсу ауданының құрметті азаматтары О.С.Исанова, Б.И.Иманқұлов, С.Серпербаев және М.Фазылжанов
2 Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақышұлы
3. Есеболатов ауылдық округінің әкімі Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы
4. Ардагер ұстаздар, ата-аналар
Салтанатты шараны жүргізушілер 2019-2020 оқу жылының ерекшелігі , жаңа оқу жылы Қазақстандағы Жастар жылы, ТМД-да кітап жылы, ақын, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы , ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне тұспа-тұс келіп отырғандығы жөнінде айтып өтті.
Шарада мектеп директоры өткен оқу жылының жетістіктерімен таныстырып кетті, салтанатты мерекеге қатысушылар құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтар табыстады. «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясның негізінде 1 сынып оқушыларын құрметтеуді ұйымдастыру мақсатында 1 сынып оқушыларына 11 сынып оқушылары «Бірінші сыныпқа бірінші рет» ұранымен сыйлық табыс етті.
Бірінші сынып оқушыларының әдеби монтажы тыңдалды. «Алғашқы қоңырау» соғу рәсімі өткізілді.
Шараның екінші бөлімінде мектептің спорт залында Алматы облысы ұлттық баскетбол федерациясының президенті Байболов Қалимолда Байболұлы Н.Есеболатов атындағы жүлденің ашылу салтанатын өткізіп, баскетбол құрамасына қатысатын оқушыларға спорттық киімдер мен баскетбол доптарын сыйға тартты. Қонақтармен естелік суреттер түсірілді .