Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты жолдауында білім беру сапасын жақсартудың басты бағыттарын ерекше атап өткендігі белгілі. Президент жолдауында айтылған мақсаттарды орындауда үлкен жауакершілікпен, қолдауды сезініп отырмыз. Президент өз Жолдауында білім саласының мүмкүндіктері мен оны болашағының жарқындығы туралы ескертті. Мемлекет басшысының дарынды балаларды қолдауда айқын әрі нақты айтып өтті. Ауданымызда дарынды балалармен жұмыс жүргізуде облыс көлемінде ондықтың ортасынан көрінуіміз, өткен жылдардағы ғылыми жұмыстардан республика көлемінде шығуы нақты жемісті жұмыстардың көрінісі болмақ. Бұл бағытта мамандардың да ролі орасан. Себебі, маман даярлау, сапалы біліммен қамту, оқушылардың грантпен қамтылуы білім ордасының ерен еңбегінің жемісі. Осындай жас мамандардың кәсіби бағыттарына жол көрсететін тәлімгерлік жұмысты да мемлекет басшысы нақты әрі ашық айқындап өтті. Өркениетті елдің болашағы мен мықты жастардың тәлім алуы тәжірибелі мамандардың дұрыс бағдар бере алуында болып отыр. Жылдар бойғы жас ұстаздардың ауылдарға тартылуы, ауыл жастарының білім сапасына арттыруға септігін тигізуі қала университеттерінен түлеп ұшқан түлектерге ауылға таруына мүмкіндік жасау үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясын кеңейтуі бұл ауыл жастарына деген зор қамқорлықтың белгісі. Ауданымызда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша: 2019 жылы қазіргі таңға 8 маман көтерме жәрдемақы алды – 1 млн 414 мың теңге, 11 маман тұрғын үй алуға бюджеттік несие алды, ол 41 млн 662,500 мың теңгені құрайды (2018 жылы 13 маман көтерме жәрдемақы алды – 2 млн 188 мың теңге, 13 маман тұрғын үй алуға бюджеттік несие алды – 45 млн 210,0 мың теңге.). 2019-2020 оқу жылына қазіргі уақытта 116 маман қажет етеді. 135 жас маман өтініш білдірді, оның 54 маманы орналасты (2018-2019 оқу жылында 124 маманға қажеттілік болды, 166 маман қамтылды, 42 маманға артты).
Бұқаралық спортпен айналысу мектептердегі оқушы жастарды спортпен шұғылдануға баулу сонымен қатар қосымша білімнің аясын кеңейту өнерлі жастарды тәрбиелеу саласы да бұл Жолдаудан тыс қалмады. 2018 жылы
5 мектептің спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтсе, 2019 жылы 4 мектепке күрделі жұмыстары жасалуда. Ауданымызда қосымша білім беру бойынша 6379 оқушы тәрбиеленуде. Қамтылуы 86 пайызды құрайды.
Биылғы жылға қосымша білім берудің аясын кеңейтіп ауылда жерлерде үйірме жұмыстарын ашу арқылы қосымша білім берудің пайызы артпақ.
«Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беруіміз қажет. Жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу керек. Біз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама әзірлеуіміз қажет. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет.» деді мемлекет басшысы өз Жолдауында. Бұл жайт жас өсіпірмдер арасында нақты ашық проблемалардың жаһандағы кең етек алған мәселердің туындауынан пайда болады. Осы бағытта Инклюзивті білім беру, тәрбиенің күшін кеңейту, басты бағытта болып отыр. Ауданымызда инклюзивті білім беру бағыты жүргізіліп келеді және мектептер үлесі 2018 жылы 46,3 пайыз, 2019 жылы 61 пайызды құрайды. Әр мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды анықтап, 31 логопед және 11 дефектолог мамандар жұмыс атқаруда, қамтылуы 2018 жылы 36% болса, 2019 жылы 42% құрайды. Болашақта бұл бағыттың жұмыстары жандандырылып, арнайы мамандар қажет мектептерге осы бағытта жұмыс жүргізуді қолға алынатыны сөзсіз.
Білім бөлімінің басшысы Б.С.Рамазанов