Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазіргі таңда көптеген іс-шаралар жоспарланып жүзеге асуда. Осы мақала аясында 30 қазан күні Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев атындағы орта мектебінде аудан мектеп оқушылары арасында ХҮІІІ «Жыл алыбы - Жамбыл» атты жас ақындар айтысы болып өтті. Аталған оқуға ауданымыздың 10-ға жуық мектебі қатысып қайтты. Жас ақындар арасында ұйымдастырылған айтыстың мақсаты – ауыз әдебиетінен келе жатқан төл өнерімізді жандандыру, оқушылардың сөз саптауымен сөз өнерін жетілдіру болды. Аудандық айтыстың ашылуы кезінде аудандық білім бөлімінің аға әдіскері Сыздықбаев Әділжан Махмұтжанұлы құттықтау сөз сөйлеп өтті.
Жас ақындар айтысына 5 адамнан құралған әділ қазылар мүшелік етіп, өз кемшіліктерін айтып, әділ бағасын беріп отырды. Әсіресе көзге түскен Байдәулет Ануарбек – Б.Сырттанов атындағы орта мектебінің оқушысымен Нұболат Есен – Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясының оқушылары. 7- жұптан құралған жас ақындар айтысы қыза түсіп, 2 кезеңге 3 жұп жолдама алды.
Айтысты өз мәресіне жетіп, 2 кезеңге өткен жас ақындар өздеріне лайық орындарына ие болды. І орынды Байдәулет Ануарбек – Б.Сырттанов атындағы орта мектебінің оқушысы алса, ІІ орынды Нұболат Есен – Қ.Сәтбаев гимназиясы мен Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің оқушысы Еркін Асылдар бөлісті. ІІІ орынды Толқынжан Ұлағат – І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің оқушысы және Қ.Терібаев атындағы орта мектебінің оқушысы Бақытұлы Ержанат , Көшкентал орта мектебінің оқушысы Әділ Өркен қанжығасына байлады.
Жас ақындар айтысын білім бөлімінің аға әдіскері Әділжан Махмұтжанұлы қорытындылап, орын алған оқушыларды марапаттады. Келер жылы айтысты жандандырып, жас ақындардың көптеп қатыстыру керек екендігін айтып өтті.