«Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» тақырыбындағы
семинар – кеңес өтті
2019 жылдың 08 қарашасы күні Жансүгіров ауылындағы Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің базасында «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» атты тақырыпта аудандық семинар-кеңес өтті.
Аудандық семинар - кеңеске аудандық прокуратура, полиция бөлімі, орталық аурухана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, «Алматы облысының дін істері басқармасы» «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» Ақсу ауданы бойынша аймақтық инспекторы мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар мен ата-аналар комитеттерінің төрайым, төрағалары, БАҚ өкілдері қатынасты.
Семинардың мақсаты: Бала және отбасының үйлесімді дамуына қолдау көрсету, бала тәрбиесіне отбасы, мектеп және қоғамның назарын аудару.