ПШО-ның тренері Ұлжан Бауыржанқызы кіріспе сөзбен ашты. І бөлімде «Сабақты зерттеу» жолдарында кездескен кедергі мен жеткен жетістіктерді саралау жөнінде таныстырылымдар өтті. Алакөл ауданы, Сарқан, Ақсу аудандарынан келген тренер-мұғалімдер өз таныстырылымдарында берілген жүйе бойынша талдап айтып шықты.Ақсу ауданы Қызылағаш ауылы «Жансүгіров атындағы орта мектептің тренері, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі «Сабақты зерттеуде тақырыпты анықтаудың тиімді жолдары» деген таныстырылымында сабақты зерттеу кезіндегі кездескен қиыншылық пен нәтижені видеролик арқылы анық, дәл көрсете алды. Нәтижесінде ІІ жәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ бөлімде үш ауданнан келген мұғалімдер коучинг, шебер-сыныптар өткізді. Теориядан кейін іс жүзінде асу кезеңдері барлық мұғалімдер үшін тигізер пайдасы мол деп есептеймін. Ғылыми-конференцияның біздер үшін пайдасы мол болды. «Бірге жиналу-бұл бастама, бірге болу-бұл ілгерілеу, бірге жұмыс істеу-бұл жетістік» дегендей «Сабақты зерттеу» әдісі мұғалімдердің кәсіби ілгерілеуіне, оқушылардың заман талабына сай білім алуларына апаратын жол.