2020 жылдың 5 ақпан күні Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясында аудандық «Дарынды балалармен жұмыс жүйесінің құрылымы мен нәтижеге бағыттау жолдары» тақырыбында әдістемелік күн өз деңгейінде ұйымдастырылды. Шараға аудан бойынша білім беру мекемелерінің директордың орынбасарлары қатысты. Әдістемелік күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша мектеп – тренерлері А.Амангельдина, Ш.Бодауова, Л.Торкимбекова «Мектепішілік іс-әрекеттегі зерттеу, LESSON STUDY – дің жүргізілу және ұйымдастыру нәтижесі» тақырыбында таныстырылым жасады, «Оқушылардың зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында пән олимпиада резервтері және ғылыми жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы мәселе бойынша директордың орынбасары Ж.Ахмадиева таныстырды. Сонымен қатар, мектеп – гимназия бойынша қосымша білім берудің /үйірме, факультатив/ жүргізілу ерекшелігіне директордың орынбасары К.Абеуова тоқталды. Әдістемелік күн әрі қарай мектеп – гимназия педагогтарының үйірме жұмыстары бойынша қойылымдарын, көрме, ансамбль, вокал өнерлерін тамашалаумен жалғасын тапты. Түстен кейін аудандық әдістемелік кеңес мүшелері түйткілді мәселелерді талқылады.