Мемлекеттік қызмет туралы ата-аналарға ақпарат
2020 жылдың 21 қаңтарында Ғали Орманов орта мектебінде аудандық білім беру бөлімінен Нүсіпова Әсел Көшербайқызының қатысуымен ата-аналар арасында «ҚР негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында ата-аналарға білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, құжаттардың төлнұсқаларын беру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру, мүмкіндігі шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау туралы қарастырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы ережелерімен, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесімен, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесімен таныстырды.
Сонымен қатар, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ұсынған «Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», Білім саласындағы бақылау департаментінің «Қамқоршылық кеңесінің» нормативтік –құқықтық құжаттары туралы презентация ұсынылды. Тақырыпты талқылау барысында ата-аналар тарапынан қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына байланысты сұрақтарына жауаптар берілді.
«Ғали Орманов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директордың оқу ісі –жөніндегі
орынбасары Ж.Отыншинова