Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Ақсу ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Ақсу ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Жаңалықтар
09-09-2020
Рухани жаңғыру білім саласының көкжиегі

Рухани жаңғыру білім саласының көкжиегі

 

Сағадиев Мухтар Лебекұлы

Алматы  облысы  Ақсу ауданы

Оқу-әдістемелік орталығының әдіскер

 

       Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез-келген жас өспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін – өзі дамытуына жол көрсету.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері азаматтардың білімі, рухани санасы өсу үстінде, әрі рухани білім алуға сұраныс та күшеюде.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасында: «Жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау», білім беру сапасын арттырып, жастардың бәсекеге қабілетті болуына  Ақсу ауданының  білім  беру мекемелері  айтарлықтай үлестерін қосып келеді. Мұның өзі халық игілігі үшін қызмет ететін білімді де білікті  болашақ  мамандарды дайындаудың баспалдағы іспетті.         

 

   Облыстық «Ұлы даланың ғажайып өркениеттері» атты ашық алаңға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Керейбаева Гульжанар Төлеуханқызы жіберіліп өз іс-тәжірибесімен бөлісіп қайтты.

    М.Маметова атныдағы орта мектеп базасында «Ащыбұлақ» танымдық мұражайы ашылды.

    Н.Есеболатов атындағы орта мектеп базасында «Өлкетану» мұражайы ашылды.

    Е.Сиқымов ат.ом, Рахат Нығметбекқызының бастамасымен «Тарихи-өлкетану» мұражайы ашылды.

    Абай орта мектеп базасында «Ауылым мақтанышым» атты тарихи – мұражай ашылды.

    Жансүгіров ом Д.Т. Ахмолдаевтың бастамасымен «Айтмұхамет  Есімжанұлы атындағы қазақ тілі кабинеті»  ашылды.

     Қ.Сәтбаев ат.омг Мектепішілік «Жыл алыбы – Жамбыл» айтысы өтті.

     Н.Есеболатов атындағы орта  мектебінде  І аудандық  Жамау Бұхарбай оқулары  өтті.

     Рухани жаңғыру – ол ең бірінші жас ұрпаққа берілетін ұлттық және рухани тәрбие. Ал сол ұлттық және рухани тәрбие ең бірінші отбасынан бастау алып, балабақша мен мектепте жалғасын табатыны бәрімізге мәлім.

     Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асыру мақсатында іс шаралар жалғасын таба береді.

Copyright © 2017, Алматы облысы Ақсу  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ