Талшықтық-оптикалық байланыс желісі — талшықтық-оптика элементтері мен құрылғылары арқылы ақпарат беру жүзеге асырылатын оптикалық байланыс желісі.
Басқа электр байланысы желілерінен ақпарат беру жылдамдығының жоғарлығымен (100 км-ден асатын қашықтыққа 107 — 109 бит/с), аз шығындалуына (инфрақызыл толқын аумағындағы ешу 1 дБ/км-дан аз) байланысты алыс қашыктыққа ақпаратты ретрансляторсыз жеткізу мүмкіндігімен, бір немесе көп тасымалдаушы толқындарда модуляциялаудың кең жолақтылығымен, талшық диаметрінің жіңішкелігімен, пайдалануға икемділігімен және арзандығымен ерекшеленеді.
Тиімді талшықтық-оптикалық элементтерді жасау, аса ұзын кабельдер мен кең жолақты қабылдағыштардың жасалуы, ұзақ өмір сүретін (104 сағ-тан артық) жарық көздерінің (лазерлік диодтар мен жарық диодтары) пайда болуы байланыс желілерінің басқа түрлерімен бәсекелестікте талшықтық-оптикалық байланыс желісінің тиімді екенін дәлелдеп келеді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақсу ауданы бойынша 2020 жылға 8 мектепке оптикалық-талшықты интернет орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда 6 мектепке (Н.Есеболатов атындағы орта мектебі, Ғ.Муратбаев атындағы орта мектебі, Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, Мамания орта мектебі, Б.Сырттанов атындағы орта мектебі, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі) орнатылды.
Ғ.Орманов атындағы орта мектебі, Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектептеріне орнатуға дайындық жұмыс жүргізілуде.
Ақсу аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту
оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кырыкбаева А.А.