Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Ақсу ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Ақсу ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Жаңалықтар
10-09-2020
Тілге құрмет-елге құрмет

 

 

 

Тутеев Медет Ыбырайұлы

Алматы  облысы  Ақсу ауданы

Оқу-әдістемелік орталығының әдіскер

 

    Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, атамекенін сүйеді деген сөз. Елбасымыз Қазақстан халықтарын біріктірудің шешуші факторы болып саналатын мемлекеттік тілді дамыту мәселесін ғылыми тұрғыдан жүргізуді ұсынды. Яғни, мемлекеттік тілдің қайнары балабақша мен мектептерден басталуы керек. Қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізгі құралы мемлекеттік тіл болып саналады. 

   Ақсу ауданының  білім  беру мекемелерінің оқушылары  мемлекеттік тілді дамытуға  айтарлықтай үлестерін қосып келеді. Айта кетсек облыстық «Мағжан» оқулары Тұрлыбек Диана алғыс хат иеленсе,Үсен Айару «Ұлы дала ұрпағы»  атты сайысында бас жүлде. Республикалық «Фариза» оқуында Тұрлыбек Диана бас жүлдені қанжығасына байлады.

      Ана тілі мен қазақ тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған өнер де, білім де, өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.

    Сондықтан ана тілін білмей ұлттың мәдениетін жете меңгеру мүмкін емес. Олай болса ата өсиетіне құлақ асып, қазақтың үні, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық.  

 

 

 

     

 

 

Copyright © 2017, Алматы облысы Ақсу  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ