Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Ақсу ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Ақсу ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Жаңалықтар
21-09-2020
РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

 

 

Жеткіншек жастардың ғылымға құштарлылығын арттыру, өнертапқыштыққа баулу және білім ошақтарының материалдық әрі техникалық базасын арттыру мақсатында мектеп-гимназиямыз бойынша 1 кабинет робот техникасы зертханаларымен қамтамасыз етілген. Ашылған IT кабинет жүйелі жұмыс жасайды, онда 74 оқушы өз білімін жетілдіруде.  Демек білім саласының сапасын жақсартуға мемлекет тарапынан қаржылық мүмкіндіктер мол. Яғни алдағы уақытта жемісті жетістіктерімізді арттыруға толық негіз бар.

Робототехника саласы – бүгінде қарқынды дамып келе жатқан технологияның үлкен жетістігі. Болашақта қолданысқа енетін жасанды интеллект секілді техникалық өзгерістердің барлығы осы робототехника негізінде жүзеге асады. Бұл әлемде сұранысқа ие сала және бұл саланы жетілдіру үшін жастайынан бала қызығушылығын оятып,  оған бастапқы білімді беру міндеттеледі.

Робототехниканы меңгерген әр бір бала жан-жақты дамыған, білімді, ойлау қабілеті жоғары, ұшқыр ойлы, жаңа технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, өзі робот ойлап таба алатын, шығармашыл бола алатынын сонымен қатар Еліміздің дамуына зор үлесін қосатын, робототехниканы меңгерген ғалымдар шығатынына сеніміміз мол.

Робототехника - балалардың болашағы. Робототехниканы зерттеу оқушылардың болашақта ізденісін одан әрі дамытуына ықпал етеді. Оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалайды және эксперимент жүргізеді, моделдің практикалық қолданылуын іздейді, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтың іргетасын қалыптастырады. Оқушылар нақты мақсат қоюға үйренеді, өмірдегі проблемаларды шешу үшін сыни ойлайды және шығармашылық дағдыларын қолданады. Мектептердегі Робототехника туралы білім беру бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Технология заңдар технологиясы, білім құбылыс түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді.

Балалар робототехника сабақтарына өздерінің идеяларымен келеді, оларды жүзеге асырудың барлық мүмкіндігін қарастырады. Педагогтардың міндеті – оларға осы ізденіс барысында көмектесу және қателіктен қорықпауды үйрету. Курсты жүргізетін педагогтар робототехника сабақтары өз оқушыларын жақын тануға, олардың айрықша қабілеттерін, бейімі мен ойлау стилін бағамдауға мүмкіндік бергенін айтады. Бұл әр балаға жеке көзқараспен қарауға да көмектеседі.

Ұстаздар мен оқушылардың бірлесіп жасаған жұмыстар нәтижесінде:

Былтырғы оқу жылында «Робототехника негіздері» үйірмесінің қатысушылары Сламбек Арнай облыстық «Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» байқауында ІІІ орын, Жакиев Ельнур облыстық «Робототехника негіздері: практикаға дейін» көрмеде І орынды қанжығаларына байлады. Жетекшісі: Семкив Д.Ю, Кресбеков Ж.С. Осы байқаудың нәтижесі бойынша аудан әкімі және аудандық білім бөлімі тарапынан 100 мың теңге сыйақы тағайындалды.

Биылғы оқу жылында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалі «STOP – MOTION - видео» номинациясы бойынша Серік Айназ сертификат иеленіп, І орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Сейтпеткалов Н.С

 

 

Copyright © 2017, Алматы облысы Ақсу  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ