Алматы облыстық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 29-30 қарашасында Талдықорған қаласының №9 мектебінің қабырғасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Кеңжыра орта мектебінің 10-сынып оқушысы Болат Гүлзат қазақ тілі секциясы бойынша «Тілдегі бейәдеби элементтер» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын қорғап, жүлделі I орынды иеленіп, II кезеңі бойынша тест тапсырып, жоғарғы көрсеткіш көрсетті. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанабаева Акмарал Сагындыковна.
Жеңіс дәмін татқан оқушының көкейінде алдағы уақытта талай асуларды алып, өз қабілетін әрі қарай дамытуға деген жігерлілік байқалды. Осындай талантты ұрпағы бар еліміздің болашағының жарқын болатынына кәміл сенеміз!