Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Ақсу ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Ақсу ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Жаңалықтар
23-09-2020
Білім беру ұйымдарында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы туралы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық  акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) мен «Атамекенім» қоғамдық бірлестігі «www.atamekenim.kz» порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісімге отырды.

         Ақсу ауданы бойынша көмекке мұқтаж балаларды  барынша қамту мақсатында «www.atamekenim.kz» порталы және «Мектепке жол» платформасы құрылып, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша порталға өтініш білдірген ата-ана тіркелген жоқ.

Дәстүрлі « «Мектепке жол» акциясын  толыққанды өткізу  мақсатында  білім беру ұйымдарында бұйрық  шығарылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.     Білім беру ұйымдары 2020-2021 оқу жылын 7656 оқушымен бастады.

 Оның ішінде көп балала отбасы саны – 1211 ондағы бала саны – 2674, аз қамтылған отбасы – 606 ондағы бала саны – 1114 (оның ішінде АСП алатын отбасы саны -300, бала саны – 645) жартылай жетім бала саны – 267, отбасы – 187, тұлдыр жетім және қамқоршылық, қорғаншылықтағы бала саны – 37, отбасы – 25, толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың саны – 444, отбасы – 338, сәтсіз отбасылардың саны – 9 ондағы бала саны – 18, «қауіпті топта» - 34, мектепішілік есепте – 46, тек әкенің асырауындағы бала саны – 78 және өгей ата-анамен тұрып жатқан балалардың саны – 92.

Аз қамтылған отбасылардағы 1387 оқушыға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 19 оқушыға  және ерекше білімді қажет ететін 123 балаға, әлеуметтік көмек алатын отбасындағы-645 оқушыға және сәтсіз отбасы балаларына 18 компьютер, барлығы 2192 оқушыға білім басқармасына компьютермен қамтамасыз етуге сұраныс берілді. Бүгінгі күнге  республикалық бюджеттен 59, жергілікті бюджттен 50 нодбук , компьютерлер келіп, оқушыларға таратылып берілді.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарынан көпбалалы отбасы балаларына 1641 компьютер таратылды.

Бүгінгі күнге „Мектепке жол“ акциясы аясында демеушілер тарапынан 84 смартфон, 13 планшет, 2 компьютер, 3 нодбук, 7 телевизор, 214 балаға киім – кешек, 243 балаға оқу құралдары, 42 балаға ақшалай көмек  яғни барлығы 608 (оның ішінде  аз қамтылғаны – 294, көп балалысы – 246, толық емес отбасындағы бала саны-25, жартылай жетім – 26 және тұлдыр жетім, қамқоршылық, қорғаншылықтағы бала саны – 17)  балаға 10 млн 193 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Copyright © 2017, Алматы облысы Ақсу  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ