2018 жылы 18-20 мамыр күндері білім қызметкерлері арасында Ақсу аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі және Алажиде орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Н.Секеновтың ұйымдастыруымен кәсіподақ жүлдесі үшін және Астананың 20 жылдығына орай "Туризм-2018" слетын ұйымдастырды. Спорттық-туристік жарыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. Шараның негізгі мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдаламасында атап өтілген «Атамекен», «Туған жер» бөлімдеріне сәйкес білім беру ұйымдарында спорттық туризмді жаңғырту, патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау, табиғатқа шыққандағы машықтық және өмірдегі қауіпсіздік ережелерін, әдіс –тәсілдерін, қоршаған ортаны қорғау және сақтай білуге үйрету, аудан құрама командасын команданы іріктеу. Аталмыш жарысқа ауданымыздың мектептерінен 25 команда, оның ішінде 2 балабақша, 1 колледж 22 мектеп, жалпы саны 208 қызметкер қатысты. Олар үш күн ішінде бір-бірімен жасанды кедергілерді өту, карта бойынша бағдар яғни спорттық-туристік жарыстың ережесіне сәйкес, түрлі турлар бойынша сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша Қаракемер орта мектептің командасы жүлделі 1 орын, Қапал кәсіптік политехникалық колледж командасы 2-орын, Кеңғарын негізгі орта мектеп командасы жүлделі 3-орынды иеленді сонымен қатар жарыс қорытындысының нәтижесіне сәйкес жеңімпаз командалар «Команданы таныстыру»,«жасанды кедергіден өту», "Картамен бағдар" , «Туристік ән» бағыты бойынша командаларға жүлделі 1,2,3 орындар және «Үздік әнші», аудандық кәсіподақ комитеті мадақтамаларымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.