Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Ақсу ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Ақсу ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Жаңалықтар
26-10-2020
БӨРІБАЙ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

БӨРІБАЙ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Бөрібай батыр ер Қаптағайдың жетінші ұрпағы, ал қазақ елінің алғашқы қонституциясын жазған Барлыбек Сырттанов батырдың жетінші өрені. Бөрібай – жоңғар басқыншылығына қарсы қол бастаған батыр. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл» сұлама жылдарында өзі басқарған елді жойылудан аман алып қалған ержүрек. Ол «Қалмаққырылған» және Аңырақай шайқастарындағы қазақ жасақтарын ұйымдастырғандардың бірі. 1723 жылы жетпіс мыңдық жоңғар хандығы қазақққа шабуыл жасағанда Бөрібай батыр жауды Бетпақтың шөлінде адастырып, Найман, Жалайыр, Қоңыраттарды Сарыарқадағы Сарысуға бастап барып, Арғын-Қыпшақ, Тарақты руларымен қосып, алдағы соғысқа дайындайды. 1724 жылы Түркістанды қорғау, 1725 жылы Алакөл соғыстарында Қабанбай мен Бөрібай және басқа қазақтың жаужүрек батырлары елді найзаның ұшы, қылыштың жүзімен-ақ аман сақтап қалды. 1930 жылдар басында елде ұжымдастыруға қарсы көтерілістер орын алды. Сол көтерілістің бірі – "Бөрібай көтерілісі", кейде ол «Матай көтерілісі», "Ақсу-Бүйен», «Сарқан көтерілісі» деп аталды. Ақсуда Бөрібай батырға арналып еңселі ескерткіш орнатылды
 

Copyright © 2017, Алматы облысы Ақсу  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ