2018 жылдың 25 желтоқсаны күні Ақын Сара жастар мәдени орталығында жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасынан шыққан балаларға, аз қамтылған отбасы балаларына және жартылай жетім балаларға арналған аудан әкімінің «Жаңа жыл жарқыра» атты шыршасы өтті. Шыршаға аудан мектептерінен 50 бала қамтылып, барлығына аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы арнайы сыйлығын таратты. Шырша соңында балаларға түскі дастархан жайылып, балалар жақсы көңіл күйде тарқасты.