1 наурыз Алғыс айту мерекесімен қатар «Нұр Отан» партиясына 20 жыл толды. Осыған орай «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымында жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Шонай батыр» БПҰ-ның 6 топ мүшелері толығымен қатысты. Алғашқы болып облыстық мәслихат депутаты, XVIII съезінің делегаты, «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ-нің директоры Р.Н.Ибраимова сөз алып БПҰ-ның мүшелерін құттықтай келе, «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кеңінен тоқталған алдағы мақсаттар мен келелі мәселелер туралы айтты. Сөз соңында Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруға ат салысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.