2019 жылдың 04 – наурыз күні Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының (Ақсу ауданы) әдіскері Ж.Қыдырханұлының ұйымдастыруымен аудандық «Жас ұстаздарға – жаңа бастама» жаңартылған білім беру аясында белсенді әдістерді қолдану жолдары» тақырыбында семинар өтті. Семинардың ашылу барысында мектеп тренері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тулепбергенова жас мамандармен тренинг өткізді. Сонымен қатар, Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балатұрсынова Шынар Маратовна, Қаракемер орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Дана Менгалиевна, Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каненова Алма, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп - гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Айқын Өркен, Т.Тоқтаров атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мақсатқызы Нұргүл, Матай орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Қожахметова Ризат Серікқызы сабақ өткізді. Әр ұстаздың сабағы жоғары деңгейде өткізілді.
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амангельдинва Айгерим Амангелдіқызы «Жаңартылған білім беруде-жаңаша көзқарас» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Б.Сырттанов атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ниазова Алмагуль Кабировна «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрылымдау» тақырыбында таныстырылым өткізді.
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығынының (Ақсу ауданы) әдіскері Ж.Қыдырханұлы «Қалыптастырушы бағалауда кері байланыстың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізілді. Семинар жоғары деңгейде өтілді.