«Ай-Жұлдыз» балабақшасында жас мамандар арасынан өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық дәлелдей алатын, қазіргі мол ақпараттар ағымынан қажеттісін іріктей алатын, қоғамдық ортаға икемді жас мамандарды топтастыру, жұмысқа деген қабілетін, шығармашылық деңгейлерін анықтау мақсатында ақпан айының 12-ші жұлдызында балабақшаішілік «Жас келсе, іске!» жас маман -2019 байқауы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде қарастырылған жарыс кезеңдері бойынша жас мамандар өздерін таныстырып, тапсырма бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған тест сұрақтарына жауап беріп, педагогикалық, психологиялық- ситуациялық жағдаяттан шығу жолдарын әзіл түрінде және шынайы түрде көрсетті.
Жас мамандар өз өнерлерін көрермендерге өлең, би түрінде жолдап, шебер қолдар кезеңі бойынша қолөнер туындыларын таныстырып, оқу қызметі барысында қолдану тиімділігінің маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Тәжірибелік кезең бойынша жас мамандар ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерінің үлгі жоспарларын слайд арқылы көрсетіп, ұйымдастырылған оқу қызметін кезеңдері бойынша таныстырып, шеберліктерін, балалармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар тарту етілді, марапаттау рәсімі орындалды.