Ақпан айының 14-15ші жұлдызында II-ші кіші «Ақбота»; ортаңғы «Қызғалдақ», «Айгөлек», «Қуаныш» топтарында денені шынықтыру, сауықтыру жоспары бойынша « Дәрігер Айболит», «Көңілді ойындар», «Денсаулық-басты байлық» мерекелік шаралары ұйымдастырылды.
Мақсаты:Балалардың қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған жарыстарға тәрбиешілер өздері басшылық етті. Балалар ойын шарттарын қалтқысыз, таза орындап шықты. Құралдарды қолдану кезіндегі қимыл-қозғалыстары жақсы. Балалар секіруге, жүгіруге, еңбектеуге, кедергілерден айналып өтуге, биіктігі 20-30см кедергіден аттап өтуге дағдыланған. Өз топтарының намысын қорғап, ойындар барысында жылдамдық, ептілік көрсетті.
Киген киімдері өздеріне үйлесімді болды. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы, ұйымшыл.
Тәрбиешілер жарыс кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылып өтуіне ықпал етті. Жарыс соңында балалардың қызығушылығын ояту мақсатында марапаттау рәсімі орындалды.