Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғанысқа байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша балабақша педагогтарының қатысуымен «Өрт тілсіз жау» шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.
Іс-шараның ұйымдастырылу барысында педагогтар балаларға оттың өте қауіпті екенін, қауіпсіздік тәрбиесінің дағдыларын, өрт болған жағдайда дербес сақтану құралдарын пайдалана отырып, үлкендер мен балалардың өзін-өзі ұстау тәртібін сюжетті желілі ойын түрінде көрсетіп рөлге бөлініп ойнады.