Н.Есеболатов атындағы орта мектебінде мектептің өлкетану мұражайының ашылуына арналған «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты
шараға Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы, ардагер ұстаздар Смағұлов Хамен, Сағымбаев Молдахан, Ақылбаева Ұлтуған, Сыздықбаева Кәметай, Данабатырова Фания, Малтүгелов Арынай, Бершімбетова Нурбикеш, Малиева Шағадат сияқты зейнеткер ұстаздар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Музейдің ашылу лентасын Ақсу ауданының білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы және ардагер ұстаз Смағұлов Хамен қиып, әжелеріміз шашуын шашып, концерттік номерлермен ашылды.
Шара барысында тарих пәнінің мұғалімі Сағадиев Мұхтар ең алғашқы
« Октябрь» колхозында (қазіргі Н.Есеболатов аулында) алғашқы мектеп ашқан Мейірман Ермектасовтың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, естеліктері, құжаттары, құнды жәдігерлері және суреттерімен таныстырып өтті.
Қонақтар музейдегі Кеңес Одағының батыры Н.Есеболатовтың, Ұлы Отан соғысына қатысқан ауыл азаматтарымен және де тылда жұмыс атқарған адамдар туралы сонымен қатар ауған соғысының батыры М.Жиенбаев туралы құжаттар және суреттер жайлы мәліметтер алды.
«Білімнің киелі бесігі» атты стендтер топтамасында «Өлшеусіз еңбектің өтеуі», «Киелі шаңырақтың білікті басшылары», «Өмірі өнегелі түлектер», «Мектеп мерейін асқақтатқан түлектер» тақырыбындағы бөлімдермен, этнографиялық бұрышпен танысты.