6-мамыр күні Ақсу аудандық білім бөлімінің және аудандық қорғаныс бөлімінің ұйымдастыруымен, «патриоттық айлық» барысында Ақсу аудандық қорғаныс бөлімінде «әскерге шақырылушылар күні» ұйымдастырылды. Іс-шараға Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлы, Ақсу аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Айтбаев Амантай Айтбайұлы, аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Ермұханбетов, Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы, аудан орталығының 3 мектебінің және Ақсу кәсіптік лицейінің АӘД пәні мұғалімдері мен 10-11 сынып оқушылары, лицей студенттері және ауданымыздың 6 әскерге шақырылушысы қатысты. Жалпы іс-шараға 110-нан аса адам қатысты. Іс-шара барысында Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлы құттықтау сөзін сөйледі. Қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Ермұханбетов әскерге шақырылушыларды Отанымызға адал қызмет етуге шақырып, сый сыяпатын көрсетті. Болашақ отан қорғаушылар 10-11 сынып оқушылары әскерге шақырылушыларды ыстық лебізімен шығарып салды.