2018 жылдың 18 қазан күні Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің базасында Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің көшпелі кеңесі өтті. Кеңеске мектеп директорлары, қамқоршылық кеңестің өкілдері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және аудандық білім бөлімінің мамандары қатынасты.
Кеңесте Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г.С.Ажикенова облыс бойынша қамқоршылық кеңес жұмысының ұйымдастырылуы мен жүргізілуі барысы туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.