2019 жылдың 04 сәуірі күні Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылындағы М.Байсақұлы атындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Департамент күніне арналған кеңесі өтті. Кеңеске Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары, қамқоршылық кеңестің өкілдері және балабақша меңгерушілері қатынасты.
Кеңесте Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Ж.Досматова, бас маман Р.Г.Сайдгариева облыс бойынша қамқоршылық кеңес жұмысының ұйымдастырылуы мен жүргізілуі барысы, жалпы білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу, мектеп бітіруші түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.