Қазақша  Русский  
Отдел образования акимата  <br>
Аксуского района <br>
Алматинской области
Отдел образования акимата
Аксуского района
Алматинской области

Государственные символы Республики Казахстан
eye 
Новости
01-09-2016
Алматы облысы Ақсу ауданы «Үздік ауыл мектебі – 2017» байқауы

Шұғылалы көктемнің шыраймымен жыл сайынғы дәстүрге айналған сайыс киелі, қасиетті Ақсу жерінде, Жансүгір ауылында «Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Үздік ауыл мектебі-2017» байқауы өтті. Ауыл – қазақ халқының ұлттық негізінің мәйегі, тіл, салт-дәстүр, мемлекет іргесінің қалыптасуы мен дамуының алтын бесігі. Ауыл – ұлттық болмыс, ұлттық психология, этнопедагогиканың өміршең өзегі десек, мұндай байқаулардың өтуі өнегелі ауыл өмірінің көрінісі іспеттес. Байқаудың мақсаты: Ауылдық білім беру мекемелерінде жалпы орта білім беруді жетілдіру және дамыту; Келешекке кәсіби және шығармашылықпен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептерді анықтау, олардың озат тәжірибесін насихаттау және тарату; Ауыл мектептері мен өзгеше ерекшеліктері бар шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін неғұрлым жоғары деңгейде дамыту және қамтамасыз ету; Байқаудың ашылу салтанатында «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» демекші аудан ұстаздарының ұстазы болып отырған, білімді де білікті, көрегенділігімен әр мектеп ұжымына қолдау көрсетіп, бағыт - бағдар беріп отырған аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы сөз сөйледі. Байқау ІІІ кезеңнен тұрды. І кезең білім беру мекемесі жетістіктерінің портфолиосын мазмұнына қарай бағалау бойынша жүзеге асты. Бұл кезең сырттай өткізілді. ІІ кезеңде байқауға қатысушылардың сазды, көркем музыкалық немесе басқа да шығармашылық тәсілмен өзін - өзі таныстыруы бойынша өтті. Бұл кезеңде таныстырудың мазмұндылығы, жаңашылдығы, тәжірибелік құндылығы, ойдың жеткізілу шеберлігінің деңгейі бойынша бағаланды. ІІІ кезеңде мектеп моделімен мектеп басшының оның жұмысының нәтижелілігін көрсету бойынша өткізілді. Бұл кезеңде модельдің өзектілігі бірегейлігі, ғылымилығы, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы ескерілді. Аталған байқауға аудан бойынша 30 мектеп қатысты. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін әділқазы алқалары төмендегі құрамда сайланды: Аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы, Аудандық білім бөлімнің сектор меңгерушісі Омарова Ғалия Кенсабақызы, Аудандық білім бөлімінің аға әдіскері Жұмаханов Бекболат Жұмаханұлы, Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Беркімбаева Индира Калиевна, «Ақсу өңірі» газетінің тілшісі Қасымбекова Ляззат, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұратбеков Аян Тұрсынбайұлы, Аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Маралов Айдар Әмірұлы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ОМГ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (директордың уақытша міндетін атқарушы) Қурманова Светлана Талғатқызы. Барлық кезең бойынша қатысқан ауыл мектептері өз өнерлерін паш етіп, жоғары деңгейде дайындықпен келгендігін көрсете білді. Әділқазы алқаларының шешімімен Бас жүлдені ауданымыздың үлгілі мектептерінің бірі Е.Сиқымов атындағы орта мектебі қанжығасына байлады. Сонымен қатар Н.Есеболатов, Жаңатілеу, Т.Тоқтаров , Ж.Сыдықов атындағы орта мектептері, Көлтабан орталау мектебі жүлделі орындарға ие болды. Аталған байқау жоғары деңгейде өтті. Болашақ ұлт мектебінің негізін қалаушы қазіргі ауыл мектептері ҚР ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын білім ордасы екендігіне бүгінгі байқау куә болғандай.

Copyright © 2017, Отдел образования Аксуского района Алматинской области
 

Вход