Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша 2019 жылға дейінгі жол картасын орындау мақсатында 2018 жылдың 11 желтоқсаны күні Ақсу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттердің
алдын алу» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өтті. Семинар – кеңесті аудан әкімінің орынбасары А.Сабырбаев жүргізді. Кеңеске Алматы облысы, Талдықорған қаласының психикалық денсаулық орталығының балалар психиаторы, суцидолог - Аушинов Дидар Ерболатұлы, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері, мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, ата-аналар комитеттерінің төрайымдары мен төрағалары, Үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.
Copyright © 2017, Отдел образования Аксуского района Алматинской области |