Қазақша  Русский  
Отдел образования акимата  <br>
Аксуского района <br>
Алматинской области
Отдел образования акимата
Аксуского района
Алматинской области

Государственные символы Республики Казахстан
eye 
Новости
10-01-2019
Бастауыш партия ұйымы-партияның негізі буыны

«...Партия қоғамның басты топтарын біріктіре отырып, қазақстандықтарды жалпыұлттық міндеттерді шешуге жұмылдыра алады. «Нұр Отан» қоғамның барлық сұраныстарына шұғыл үн қататын топтастырушы әрі жауапты бұқаралық саяси ұйымға айналды»,-деген еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан»-біздің елдің жетекші саяси күші, көшбасшы және жалпыұлттық топтастыру партиясы болса, бастауыш партия ұйымдары партияның негізгі буыны болып табылады.  Заман ағымы, қоғамның қарқынды дамуы мен өзгермелі өмірдегі жаңа сын-қатерлер бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруды қажет етеді. Бұл-уақыт талабы. Осы орайда республикамыздың төрт аймағында аймақтық форумдар өтсе, 14-15 қараша күндері Астана қаласындағы ЭКСПО конгресс- орталығында «Нұр Отан» партиясы  бастауыш  партия ұйымдары Республикалық форумы болып өтті. Форумға республика бойынша 600 адам барып қатысса, партияластар on-lain режимінде қатысты. Форумның ашылуы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен жұмыс сапасын арттыру» атты 5 қазандағы Жолдауына арналған сессиядан басталды. Министрлер мен вице-министрлер Жолдаудың әр бағыты бойынша кеңінен баяндап, жақсы пікір алмасу болды. Келесі кезекте панельдік сессия отырыстары болып, «Партияішілік менеджмент», «Тиімді коммуникация», «Партиялық кадрлық резерв»,  «БПҰ КРІ»тақырыптарында мозераторлар сөз кезегін алды.

          БПҰ мен партия мүшелерінің басты міндеті Елбасының мемлекеттік бағытын, Саяси Доктринаның негізгі құндылықтарын және Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру болып табылады. Сонымен қатар БПҰ міндеттеріне партия жақтастарын тарту, қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау, оларды партия жұмыстарына тарту, жергілікті халықтың проблемалары, дағдарыс жағдайлары мен әлеуметтік  қақтығыстар туралы жедел ақпараттандыру кіреді.  Форум аясында партияның негізгі міндеттері мен БПҰ-ның келелі, аса маңызды мәселелері жан-жақты талқыланды. Партияның ағымдағы жағдайына  SWOT талдау жасалынып, мықты тұстары мен әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіптер анықталды. Біздің елдегі БПҰ-ның жұмысын талдай отырып, саяси партиялардың бастауыш ұйымдарының жұмысын ұйымдастырудың халықаралық тәжірбиесі туралы да жан-жақты мағлұмат алдық. Шетелдік бастауыш  партия ұйымдарының жұмыс форматы, соның ішінде РФ «Единая Россия» партиясының қызметінің тиімділігі, ондағы жобалық тәсіл (Олар 40 федералдық және 380 аймақтық жобаны жүзеге асыруда), саяси коммуникациясын құру, халықпен, саяси партиялармен қарым-қатынас жасауда қоғамдық талқылау әдісін белсенді қолдану сынды мәселелер кеңінен баяндалды. Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіруде сапалы партиялық актив пен кәсіби кадр резервін қалыптастыру, цифрлы технологиялар және ақпараттық-коммуникаициялық жұмыс, БПҰ басқару жүйесіндегі жаңа жұмыс форматтары, т.б жүйклі жолға қою және жоғары деңгейде ұйымдастыру аса маңызды. Осы форумда бастауыш партия ұйымдарын жандандыру тұжырымдамасын іске асырудың он қадамнан тұратын жол картасы ұсынылды. 2015 жыл –БПҰ-ның жылы деп жарияланғаны белгілі және жыл сайын «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өткізілуде. 15 қараша күні республикалық деңгейдегі байқаудың жеңімпаздары марапатталып, диплом және қаржылай сертификаттарға ие болды. Бұл БПҰ-на деген үлкен қолдау және жұмысты бағалаудың нәтижелі көрсеткіші болып табылады. Форум барысында 

7-20-25 мемлекеттік бағдарлама, білім саласы, БПҰ жұмыстары, кадрлық резерв, т.б байланысты көкейкесті сұрақтар беріліп, толық жауап алуға мүмкіндік туды. Министрлермен, вице-министрлермен, Парламент депутаттарымен бұндай жарқын кездесудің сәті жиі түсе бермейтіні белгілі. Форумды «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.Әшімбаев пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Т.Дүйсенова кезекпен жүргізіп, жоғары деңгейде ұйымдастыруы  көпшіліктің көңілінен шықты.

         Республикамыздың төрт өңірінде ұйымдастырылған аймақтық форумдардың қорытындысы болған бұл Республикалық форумның маңызы зор. Партияның 20 жылдығына орай атқаратын шаралардың ауқымы да кең болмақ. БПҰ-ның төрағалары, әр мүшесі алдағы жұмыстың жауапкершілік жүгі зор екенін,  ол партияны жүйелі жаңғырту қажеттілігі үшін аса маңызды екенін сезіндік. Сондықтан да БПҰ-ның жұмысын жандандыру, жаңа бастамашыл жобаларды іске асыруға ат салысу, халықтың партияға деген сенімін арттыру, партияның беделін  көтеру, саяси көшбасшылықты сақтау, партия жақтастарының санын арттыру және партия мүшелерінің салалық құрылымын әртораптандыру – алдағы міндеттеріміз. Осы Республикалық және аймақтық форумдарға делагат ретінде қатысу, жыл сайынғы ұйымдастырылатын «Үздік бастауыш  партия ұйымы» байқауының аудандық, облыстық деңгейіндегі кезеңдерден жүлделі орындарға ие болу мен үшін үлкен қуаныш. Тегін IТ сынып ашу, басқа да  жобаларға  ат салысу ісінде,  жалпы жетістіктерге қол жеткізуімізде біздің «Шоңай батыр» БПҰ әр мүшесінің өзіндік үлесі бар. Болашақта да бұл жұмысымызды жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

 

 

                            Р.Н.Ибраимова-облыстық мәслихат депутаты, «Шоңай батыр» БПҰ-ның төрайымы, Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің директоры

 

Copyright © 2017, Отдел образования Аксуского района Алматинской области
 

Вход