Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақсу ауданның білім бөлімі» ММ, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі № 5, «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Бос орын: «Ақсу ауданының білім бөлімінің «Б.Сырттанов атындағы орта мектебі, мекепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры
Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:
1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (педагогика немесе бейіні бойынша);
2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтауминистрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
Конкурсқа қатысу үшін үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.
Орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын оның Жарғысына сәйкес қызметінің барлық түрін басқарады.
Тестілеуден өту кезеңі үшін қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасыны Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, сондай-ақ педагогика және психология негіздері бойынша тестілеуден және әңгімелесуден өтеді. Тестілеуден өту үшін 120 сұрақ ұсынылады, шекті деңгей 50% құрау керек.
Лауазымдық жалақы мөлшері:
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы |
|
теңгеден |
теңгеге дейін |
|
А-1-3-1 |
86007 |
104589 |
2. Конкурс 4 кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мектептің Қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;
3) облыстық білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;
4) білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен бастап 7 жұмыс күн ішінде келесі мекен-жай бойынша тапсырылу керек.
Мекен-жай: Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі 5, тел 8( 7283) 21580, электронды мекен-жай: aksuroo@mail.ru
«Ақсу ауданының білім бөлімі» ММ
Copyright © 2017, Отдел образования Аксуского района Алматинской области |