Конкурс жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығына сәйкес Мақтарал ауданының білім бөлімі Қазыбек би ауыл округінде орналасқан №8 Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директоры лауазымдық қызметіне, «Жылы су» ауыл округінде №28 І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директоры лауазымдық қызметіне, «Мақтаарал» ауыл округінде орналасқан А.Навой атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директоры лауазымдық қызметіне және «Жаңа жол» ауыл округінде орналасқан А.Фердауси атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директоры лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 82468 теңгеден 99988 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Комиссия белгіліген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат;
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.
Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде мына мекен жайға тапсырылуы тиіс.
Мекен жайы: 160500 ОҚО,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы, А.Яссауи көшесі 5 үй. Мақтарал ауданының білім бөлімі. Байланыс телефоны 8 (72534) 6-52-61 электронды поштасы: roo_maktaral@mail.ru
Конкурсты өткізудің бірінші кезеңі (конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау) хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жарияланып 15 жұмыс күні өткеннен соң 3 жұмыс күні ішінде, конкурстың екінші кезеңі (әңгімелесу) кандидаттың облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімі алынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Конкурс туралы хабарландыру
Жетсай қаласы 29 шілде 2016 жыл
«Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, Жұмыс телефоны (факс): 8(72534) 6-52-61, электрондық поштасы: http://maktaaral.bilimbolimi.kz . орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Қызмет: Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептердегі аз қамтамасыз етілген оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурсы: оқушылар саны 2487, бөлінген қаржы – 45 760 800,00 (кырық бес миллион жеті жүз алпыс мың сегіз жүз) теңге 00 тиын. Барлығы 123 лот.
Қызметті көрсету мерзімі: 2016 жылдың 01 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық
әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2016 жылғы 18 тамыз күні дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №13 кабинет, сағат 09:00-ден сағат 13:00-ге дейін және/немесе «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің http://maktaaral.bilimbolimi.kz/ интернет-ресурсынан алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №13 кабинет жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2016 жылдың 18 тамыз күні сағат 13:00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2016 жылы 18 тамыз күні сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №13 кабинетте ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады: 8(725-34) 6-52-61.
Конкурстық құжаттаманы көшіру сілтемесі:
https://cloud.mail.ru/public/Bq2S/QqBm2f2Je
|
Добро пожаловать! Здесь вы можете задать вопрос руководителю отдела образования Аксуского района Рамазанову Бегімбеку Сейпілмәлікұлы Уважаемый посетитель! Для того чтобы ускорить получение ответов на Ваши вопросы, убедительно просим излагать суть вопроса четко и подробно. Прежде чем задать вопрос, следует поискать ответ в материалах блога. Вполне возможно, что ответ на Ваш вопрос уже имеется, и Вы легко получите необходимую информацию.
|
Copyright © 2017, Отдел образования Аксуского района Алматинской области |
Добро пожаловать на наш сайт!Уважаемые посетители информационного интернет-портала ГУ "Отдел образования Аксуского района" Наш сайт представляет возможность принять участие в обсуждении актуальных вопросов и проблем, касающихся сферы образования. Наши цели, исходя из Послания Президента Республики Казахстан:
В большинстве случаев наша работа остается незамеченной для общества. Мы надеемся, что с открытием специального сайта, информация о нашей работе будет доступна,и вместе с тем, она будет интересной и увлекательной для вас. Специальный WEB-портал ГУ "Отдел образования Аксуского района" будет оказывать содействие своим посетителям в получении необходимой информации об образовательной системе и участии в жизни организаций образования. Мы готовы к взаимному сотрудничеству. Мы уверены, что наша деятельность, направленная на развитие уровня образовательного процесса, будет эффективной и в дальнейшем. С уважением, Руководитель отдела образования - Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы
|
По проекту " Мың бала" из Аксуского района на республиканскую олимпиаду среди учащихся 5 и 6 классов были отобраны 26 учащихся. В этом направлении стало известно, что четыре ученика из средней школы им.Сыдыкова, средней школы им.Б.Сырттанова, средней школы Матай, 5 класса, 4 ученика из 6 класса вошли в проект 1000 детей. Учащиеся 6-х классов будут поступать в школы-интернаты для одаренных детей Республики. в этом году учащиеся 5 –х классов будут обучаться в школах-интернатах для одаренных детей.
Copyright © 2017, Отдел образования Аксуского района Алматинской области |